Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

          2026 жылдың 8 қарашасында Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауы өтті.

Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Ақшымырау ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 614 сайлаушы енгізілді, олардың 359-ы дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 4, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақболатова Латипа Шамшадинқызы - 49, Бекқажы Абылай Боранбайұлы - 281, Мырзағалиев Айбар Сәбитұлы - 26.

Ақшымырау ауылының әкімі болып Бекқажы Абылай Боранбайұлы, 1997 жылы туған, «Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің бас маманы. Ақтау қаласында тұрады. «Әділет» партиясы» ҚБ Маңғыстау аудандық филиалы ұсынған.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/documents/details/1098059?lang=kk