Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылдың 10 айындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы АҚПАРАТ

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы     10 айдағы жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санын тіркеуін төмендетудің көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы қараша айында қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.

Ағымдағы жылғы он айдың нәтижесі бойынша 1778 қылмыстық құқық бұзушылық (2130)[1] тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 67,4 % құрады (60,4%).

27 аса ауыр қылмыс, 670 ауыр, 792 орташа ауыр және 289 онша ауыр емес қылмыстар тіркелген.

Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 71,6% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 71,6%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 96,2%-ды құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 98,1%.

Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, кісі өлтіру 43,8%-ге,  қорқытып алу 33,3%-ке, алаяқтық 28,0%-ге, тонау 5,6%-ға төмендеген.

Дәстүрлі, қылмыстылық құрылымында ұрлық басым. Бұл кең таралған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы жылдың 10 айында облыс аумағында 474 (556) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 413 (459) қылмыстық іс аяқталған.

Полицейлердің мақсатты бағытталған алдын алу жұмысының арқасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі түрлерінің: пәтерлерден ұрлау – 16,8%,  137-дан 114-ға дейін төмендегені байқалуда.

 



[1] Бұл жерде және бұдан әрі жақшаның ішінде 2025 жылдың өткен кезеңіндегі көрсеткіштер көрсетілген.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/documents/details/1097998?lang=kk