Еңбекақы төлеу қоры бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы («Бір рет басу арқылы есеп айырысу» пилоттық жобасы)

Еңбекақы төлеу қоры бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы («Бір рет басу арқылы есеп айырысу» пилоттық жобасы)

  

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қоса беріліп отырған Еңбекақы төлеу қоры бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері («Бір рет басу арқылы есеп айырысу» пилоттық жобасы) бекітілсін.

2.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2026 жылғы
31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

 

 

 

 

Д. Кеңбеил

 

     

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1097983?lang=kk