«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне ведомстволық бағынысты келесі ұйымдардағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың байқау кеңестерінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды:
1. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
3. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
4. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кеген аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
6. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
7. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
8. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
9. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Райымбек аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Байқау кеңесіне сайланбайтындар:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштердің қабылдау мерзiмi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбес:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) «_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____________ дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау уақыты – 2026 жылдың 05 қараша айынан басталады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау уақытының аяқталуы - 2026 жылдың ___04 желтоқсан айы.
Конкурс өткізетін орны: 040803, ҚР, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Ивушка ықшам ауданы, 1г, 1 қабат, Жалпы бөлімнің кабинеті, тел. 8 701 768 5000