Қазан айында қозғалысы шектеулі адамдарға арналған объектілер декларацияларын келісу туралы ақпарат

Қазан айында қозғалысы шектеулі адамдарға арналған объектілер декларацияларын келісу бойынша барлығы 8 өтініш келіп түсті.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша:

  • 6 өтініш келісілді;
  • 2 өтініш бойынша келісуден бас тартылды.

Бас тартудың негізгі себептері объектілердің қозғалысы шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты анықталған кемшіліктер болды:

  1. Пандустарда тұтқалардың (сүйеніштердің) болмауы.
  2. Қажетті ақпараттық тақтайшалардың болмауы.
  3. Тактильді жерүсті бағыттағыш көрсеткіштердің болмауы.
  4. Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүгедектерге арналған тұрақ» жол белгісінің болмауы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/documents/details/1096852?lang=kk