Қарақия ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қарақия аудандық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтіп, әлеуметтік маңызы бар мекемелердің атқарылған жұмыстары жан-жақты сарапталды. Жиын барысында Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Утарбаева баяндама жасап, мекеменің бұған дейінгі атқарған жұмыстарына толық тоқталып өтті. Орталық тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету және әлеуметтік қолдау шараларын үйлестіру бағытында атқарылған іс-шаралардың нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар жиында «Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы Айнұр Қияқова баяндама жасап, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалту, әлеуметтендіру және оларға көрсетіліп жатқан арнайы педагогикалық-психологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігі жөнінде кеңінен баяндады.

Күн тәртібінде көтерілген маңызды мәселелер комиссия мүшелерінің арасында қызу талқыға түсіп, өз кезегінде кеңес қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/documents/details/1096815?lang=kk