Жамбыл облысы әкімдігінің
мемлекеттік сатып алу басқармасының
2026 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Тараз қаласы 25 маусым 2026 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып басқармасында (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қазандағы №21 бұйрығына, Басқарма басшысының 2026 жылғы 20 сәуірдегі №11-ө бұйрығына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы
1 маусым және 10 шілде аралығында жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен жасалды:
Гиззат Нұржан – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;
Омарова Лаура Бакытовна – жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
Аттоқыр Шыңғысхан Бахытханұлы – жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
Кунедилов Жеңіс Жолдыбайұлы – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы өз жұмысын Басқарманың қызметіндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып қарастырды.
Басқарма өз қызметін және өкілеттіктерін жүзеге асыруда негізінен мынадай қолданыстағы заңнамалық актілерін негізге алады:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Конститутциясы»;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексі» (15.03.2025 жылғы дейін);
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы «Бюджет кодексі» (15.03.2025 жылдан бастап);
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
Қазақста Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек Кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Азаматтық процестік кодексі»;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидалары және т.б.
Басқарманың миссиясы - Жамбыл облысы әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Басқарманың міндеттері:
1) Жамбыл облысы әкімдігімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың функциялары:
1) Орталықтандылырылған мемлекеттік сатып алуды:
уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің тізбесі бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы;
уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің тізбесі бойынша, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы;
тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады.
2) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;
3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
4) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық кұжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
5) конкурстық немесе аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
7) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды;
8) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
9) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған, тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
10) мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
11) заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды камтамасыз етеді;
12) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
13) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;
14) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карайды;
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) Тапсырыс беруші Басқарманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;
2) Басқарманың алдына қойылған міндеттерін орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
4) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстану;
5) облыс әкіміне, жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін оңтайландыру бойынша және аудан әкімдеріне және жергілікті бюджет есебінен каржыландыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бірінші басшыларына шара колдану бойынша ұсыныстар енгізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де кұқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілер мен Басқарманың Ережесі, сонымен қатар мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары зерделенді.
2021 жылдың қарашасынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың/жұмыстан босатудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппараты жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру e-kyzmet порталы арқылы жүзеге асырылады.
2026 жылдың І жарты жылдығында ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:
Басқармадағы бұйрықтар жеке құрам бұйрықтары және өндірістік болып бөлінеді. 2026 жылдың І жарты жылдығында жеке құрам бойынша – 16, өндірістік қызмет бойынша 311 бұйрық тіркелген. Жеке құрам бойынша бұйрықтар «е-қызмет» ақпараттық жүйесінде дайындалады.
Басқармада 2026 жылдың І жарты жылдығында кадрлардың ауысуы бойынша:
Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны - 9. Келісім-шарт бойынша жалпы штат саны – 3.
Басқарма басшысының 2026 жылғы 12 наурыздағы №2-Ж/Қ бұйрығына сәйкес Қ.Т. Құдайқұл штаттан тыс статист лауазымына қабылданды.
2026 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:
Басқармада жеке құрам бойынша – 16, өндірістік қызмет бойынша - 311 бұйрық тіркелген.
1.Талдау кезінде анықталған тәуекелдер:
Кадрлардың ауысуы бойынша:
Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны - 9. бос орындар – 0. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны – 3, бос орындар – 0. Талдау кезеңінде теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босату немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылу фактілері жоқ.
Сонымен бірге, тексерілетін кезеңдегі басқарманың қызметінде сыбайлас жемкорлық көріністері фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер, арыздар туспеген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз ақпараттар орналастырылмаған.
Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.
Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жағдайлары орын алмаған.
Ішкі талдау жүргізу барысында біліктілігі сәйкес келмейтін кызметкерлер аныкталмады.
2025 жылдың ІІ жарты жылдығынан бастап 2026 жылғы 30 маусым аралығында Басқарма қызметкерлерінің демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған сәттерінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алмаған.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тұлғаларға мемлекеттік қызметте тыйым салатын қатаң заңнамалық талаптың сақталуы бойынша Басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне тексеру жүргізіліп,бұзушылық деректер анықталған жоқ.
Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:
Басқармаға 2026 жылы «eOtinish» бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 38 өтініштер келіп түсті, оның ішінде: 28 - өтініш, 3 - шағым, 2 - ұсыныс, 5 - басқа.
Олардың барлығына ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» Заңнамасына сәйкес жауап берілді.
Басқарманың сенім телефонына және арыз-шағымдарға арналған жәшігіне өтініштер келіп түспеген.
Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңнамасы, «ҚР мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары талаптарының сақталуын қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тиісті жұмыстар жүргізуде.
Есепті кезеңде Басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы, мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.
2. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.
Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Мекеменің тікелей басшысы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды қабылдау қажет:
- жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттеуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;
- лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
- мүдделер қақтығысын жою бойынша өзгеде шаралар қабылдауға міндетті.
Жұмыс тобының қызметкерлердің жеке істеріне талдау жүргізу арқылы сыбайлас жемкорлық тауекелдеріне мүдделер қақтығысының болуына, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің тиесілілігі, кадрлардың ауысуы, қызметкерлердің жұмыстан босатылу себептері, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысына ішкі талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар қабылданған:
- шешім қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетілмеген;
- ресми таратуға жатпайтын, мемлекеттік (және өзге) функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топтық мүдделерді пайдаланбаған;
- қызметкерлер өздерінің мемлекеттік функцияларын орындау кезінде ұйымдардан, жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде сыйақы қабылдамаған.
Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша: Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша: Басқарманың Ережесінде көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру құзыреті жоқ.
5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру бойынша: Басқармада бақылау - тексеру функциялары жоқ.
6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша:
2025 жылғы II-жартыжылдықта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 9 келісім шарт жасалған, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 4; өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 2, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу бойынша – 3.
2026 жылғы I-жартыжылдықта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 27 келісім шарт жасалған, оның ішінде: ашық конкурс тәсілі арқылы – 2; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 16; өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 6, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу бойынша – 3.
2. Талдау кезінде анықталған тәуекелдер:
Басқармада 2025 жылдың II жартыжылдығында және 2026 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас тәуекелдері анықталмады.
7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.
8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Басқарма жұмысында келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «1С – мекеме», «1С - бухгалтерия», «Қазынашылық-клиент» АЖ, «Е-қызмет» АЖ, «е-Минфин», «e-otinish», «Documentolog».
9. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша:
Басқарма қызметкерлерін мемлекеттік басқару академиясының филиалында қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлықты алдын - алу тақырыбында оқытуға тұрақты түрде жолданып тұрады.
Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына оқыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын практикада қолдану мақсатында «Documentolog» ақпараттық жүйесінде басқарма қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курстан өткізіліп, оларға тиісті сертификаттар тапсырылды.
Жұмыс тобының құрамы:
Гиззат Н.
Омарова Л.Б.
Аттоқыр Ш.Б.
Кунедилов Ж.Ж.