Астана қаласы Құрылыс басқармасының 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Астана қаласы Құрылыс басқармасының 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес («Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырады»), оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етісетін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес. «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2025 жылғы 20 мамырдағы №89-Ө бұйрығы негізінде жұмыс тобымен 2025 жылғы 2 мамырдан 2025 жылғы 17 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (кезеңі: 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейін).

Қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін бөлімшенің атауы: «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың пәні: «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің пәні құрылыс қызметі мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды мынадай құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

Аты-жөні

Лауазымы

Жұмыс тобындағы рөлі және байланыс телефоны

Құлұшев Төлеген Базарбайұлы

Басқарма басшысы

төраға, жұмыс телефоны: 32-01-58

Құрбанбекұлы Нұрдаулет

Басқарма басшысының орынбасары

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-58

Аймағамбетов Бауыржан Ілиясұлы

Басқарма басшысының орынбасары

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-02-81

Әбдуалиев Дамир Мейрамұлы

Басқарма басшысының орынбасары

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-58

Шырымбекова Ботагоз Нуриддинқызы

Адам капиталы және құжат айналымы бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-34-68

Әбетаев Дамир Архатұлы

Құрылыс бөлімі басшысының м.а.

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-93

Кожина Мариям Қайржанқызы

Аналитика бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-93

Имашева Лауура Зарлыққызы

Құқықтық қамтамасыз ету және объектілерді беру бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-65

Кимбаева Динара Джуманқызы

Қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-01-58

Дархамбаева Мартай Оразқызы

Бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-03-31

Мусина Алтын Нұрланқызы

Жобалау бөлімінің басшысы

жұмыс тобының мүшесі, жұмыс телефоны: 32-03-31

20.05.2025 жылғы №89-Ө бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлға – Басқарма басшысының орынбасары Б.І. Аймағамбетов.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

  • Басталған күні: 2025 жылғы 2 мамыр
  • Аяқталған күні: 2025 жылғы 17 маусым

4. Бақыланатын кезең: Басқарманың 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңдегі қызметі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

  1. Құрылыс басқармасы прецедентті 12 айда қабылдаған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағыты;
  2. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    • 2.1 Құқық нормаларының коллизиясы мен бәсекелестігін анықтау.
    • 2.2 Рәсімдердің регламенттелмеуін анықтау.
  3. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  4. Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  6. Рұқсат беру құжаттарын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  7. Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    • 7.1 Құрылыс-монтаж жұмыстары саласында актілерге қол қою кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    • 7.2 Мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ әзірлеу және бекіту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    • 7.3 Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  8. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  9. Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  10. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.

1-міндет: Құрылыс басқармасы прецедентті 12 айда қабылдаған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын кезеңде Басқарма қабылдаған құқықтық актілер жоқ.

2-міндет: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары: Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына ішкі талдау жүргізу барысында барлық лауазымдық нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №20 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту қағидаларының талаптарына сәйкес келетіні анықталды.
  • Премия беру: Басқарма қызметкерлерін премиялау туралы ұсынылған бұйрықтарды зерделеу кезінде премия қорын бөлу кезінде басшылық тарапынан артықшылықтар (преференциялар) беру фактілері анықталған жоқ.

2.1-міндет: Құқық нормаларының коллизиясы мен бәсекелестігін анықтау.

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы №507-293 қаульысымен бекітілген «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені басшылыққа алады.

Астана қаласының Құрылыс басқармасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектіні салу бойынша тапсырыс беруші функциясын орындау, салынған объектілерді пайдалануға беру, мердігер ұйымдармен шарттар жасасуды жүзеге асыру және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша Астана қаласының әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы орган болып табылады.

Құрылыс басқармасының негізгі міндеттері:

  • Астана қаласы коммуналдық меншігінің объектілерін салу және реконструкциялауды ұйымдастыру;
  • жұмыс істейтін жастарға, ХӘТТ (СУСН), көп балалы отбасыларға пәтерлер сатып алу.

Функциялар мына заңнамалық актілерден Басқармаға бекітілген: ҚР Бюджет кодексі, ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, ҚР Жер кодексі. Жұмыста құрылыс қызметінде қолданылатын қағидалар, нұсқаулықтар, СНиПтер қолданылады.

Талдаумен мынадай НҚА қамтылды: ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары.

Нормативтік база басқарманың мердігер ұйымдармен шарттық міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу, құрылыс жұмыстарының кестесін орындау, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау, пайдаланушы ұйымдарға енгізілген объектілерді қабылдау-беруді жүзеге асыру, объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру, жобалау-сметалық құжаттаманы тиісті органдармен келісу, жобалауға тапсырма әзірлеу, жобалау-іздестіру жұмыстарының құнын есептеуді орындау, жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы және құрылыс саласына байланысты басқа да функциялар мәселелері бойынша қызметін регламенттейді.

Орындалған жұмыстарды қабылдау актілері Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес техникалық және авторлық қадағалау қызметтері жұмыстардың көлемі мен сапасының орындалуын растағаннан кейін куәландырылады.

Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы нормативтік құқықтық актілерде және басқарманың құрылыс саласындағы қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 2024 жылғы 1 шілдедегі ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және ҚР Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Заң мен Қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жүргізілген ішкі талдау мынаны анықтады:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында барлық негізгі сатып алу рәсімдері автоматтандырылған және адами факторлар қысқартылған электрондық мемлекеттік сатып алу енгізілді.
  2. Мемлекеттік сатып алулар тәсілімен бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу порталында бекітілген тауар өндірушілермен тікелей сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде жүргізіледі. Белгілі бір тауар мен көрсетілетін қызметтер болмаған жағдайда конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрау жүргізіледі.

Басқарма бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:

  • ҚР Заңы 16-бабы 3-тармағының 25)-тармақшасы – Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
  • 16-баптың 3-тармағы 28)-тармақшасы – біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштин жүз еселенген мөлшерінен аспаған кезде, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде бес жүз еселенген мөлшерінен аспаған кезде біртекті тауарларды сатып алу;
  • 16-баптың 3-тармағы 34)-тармақшасы – күрделі құрылыс объектілерінің жобалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі авторлық қадағалау, құрылыс, реконструкциялау және күрделі жөндеу кезінде авторлық қадағалау қызметтерін тиісті авторлардың сатып алуы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарлар ОMarket арқылы сатып алынады, жүйенің өзі жеткізушіні анықтайды, демек сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін негіздер жоқ.

Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелерінде Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

3-міндет: Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Талдау жүргізу сәтінде Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 36 бірлікті құрайды. Нақты саны – 29 бірлік.
  • Басшы құрамның саны – 11 лауазым (басшы, басшының орынбасарлары, бөлім басшылары), басшылық етпейтін құрам (бас мамандар, жетекші маман) – 25 лауазым.
  • 2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейін кадрлардың ауысуы – 7 қызметкер, оның ішінде 6 қызметкер басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты; 1 қызметкер отбасылық жағдайына байланысты кеткен.
  • Талданатын кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін теріс уәждер бойынша жұмыстан босату фактілері белгіленген жоқ.
  • Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздері лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау болды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар және теріс уәждермен босатылғандар жоқ.
  • Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын бұлжытпай сақтайды. Жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері жоқ.

4-міндет: Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны шешу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі шаралардың бірі болып табылады. Талдау барысында қаралып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

5-міндет: Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік қызметтер көрсету көзделмеген.

6 және 7-міндеттер: Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Құрылыс басқармасы Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 01-2780 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

7.1-міндет: Құрылыс-монтаж жұмыстары саласында актілерге қол қою кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Орындалған жұмыстар актілеріне қол қою құрылыс сапасын бақылауды жүзеге асыратын барлық тұлғалар тарапынан ескертулер болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Басқарма мамандары құрылыс объектісіне шығуды жүзеге асырмайды, сонымен бірге орындалған жұмыстар актілері бойынша материалдар мен жұмыстарды ЖСҚ-ға сәйкестігіне қабылдайды (салыстырады).
  • Техникалық және қаржылық аудит бойынша тәуелсіз сарапшы орындалған жұмыстар актілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын растау үшін құрылыс объектісіне шығуды жүзеге асырады.

7.2-міндет: Мемлекеттік сараптамадан өткен ЖСҚ әзірлеу және бекіту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мемлекеттік сатып алу порталында жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Төлем жобалық-сметалық құжаттамаға кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жүргізіледі.

7.3-міндет: Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Инжинирингтік қызметтермен (авторлық қадағалау, техникалық қадағалау) тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын әрекеттер тәртібі көрсетілген Қағидаларға сәйкес бақылау жүзеге асырылады.

8-міндет: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Басқармадағы өтініշтер бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
  • Тұрғындармен кері байланыстың тиімді жүйесін құру мақсатында басшының және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы жүзеге асырылады, «сенім» телефоны жұмыс істейді, IKomek қызметі арқылы түсетін өтініштер пысықталады.
  • Жүргізілген ішкі талдау барысында жұмыс тобы Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

9-міндет: Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  • Басқарманың бюджемін жоспарлау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Басқарма бойынша 2025 жылғы нақтыланған бюджет 125,4 млрд теңгені құрады.
  • Басқарманың қызметі 19 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады (оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорын салу, білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымын дамыту және т.б.).
  • 2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру 99,4% құрады. Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

10-міндет: Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.

Басқарма жасырын қызметтер көрсетпейді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы ұсынады:

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесін тұрақты негізде ерекше бақылауда ұстау.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасын насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар жасайтын қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жою мақсатында Басқарма қызметі бойынша заңнамаға талдау жүргізу.

Жұмыс тобының төрағасы: Т. Құлұшев

Жұмыс тобының мүшелері: Б. Аймағамбетов,

Н. Құрбанбекұлы,

Д. Әбдуалиев,

Б. Шырымбекова,

Д. Әбетаев,

Л. Имашева,

М. Кожина,

М. Дархамбаева,

Д. Кимбаева,

А. Мусина.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-kurylys/documents/details/1096771?lang=kk