Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1778 қаулысы Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 2/262-559 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1778 қаулысы


Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі

№ 2/262-559 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың

басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

          Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 2/262-559 «Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті
мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
         аталған қаулының қосымшасындағы:

         реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.

2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні
ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.


3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды
қабылдасын.


4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына
жүктелсін.


 

Алматы қаласының әкімі                                                            Д. Сатыбалды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher/documents/details/1096765?lang=kk