«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер және түзету енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер және түзету енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бірлескен  бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жобаларды уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба жобалардың құрылыс құнын бастапқы есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеуді көздеп – тарифте жоба құны нақтыланғаннан кейін міндетті түрде түзетумен және ол азайған жағдайда тариф төмендетіледі.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2026 жылғы қазан.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.  

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/documents/details/1096742?lang=kk