Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1774 қаулысы Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1774 қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір

қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2025 жылғы 17 наурыздағы № 1/1-416:

қосымшадағы:

реттік нөмірі 236-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

«                                                                                                                                                                                              

236.

Рогачева Ирина Александровна, Инкина Наталья Сергеевна

20-317-000-000

Закарпатская көшесі, 1/5, 593 көлікжай



                                                                                                                                                                            ».

2) «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2026 жылғы 29 шілдегі № 3/405-1191:

қосымшадағы:

реттік нөмірі 3-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

«                                                                                                                                                                                              

3.

Жетпысбаев Серик Нурханович

20-315-074-106

«Мұзтау» шағын ауданы, 531

0,0316



                                                                                                                                                               ».

3) «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бөлігін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2026 жылғы 29 шілдегі              № 3/405-1192:

аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Индустриалық аймақтың аумағын кеңейту үшін Федор Борисович Новиковтың Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Алғабас» шағын ауданы, 7-ші көшесі, 142/3 учаске мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі                             20-321-066-262, жалпы ауданы – 43,9324 га, үлесі - 42,7064 га, иеліктен шығарылатын ауданы  0,2772 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.».

2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                                Д. Сатыбалды



 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher/documents/details/1096713?lang=kk