Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1772 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы



Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 4 қарашадағы № 4/636-1772 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 34.1-34/1223-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тілендиев көшесін ұзарту үшін Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін орналасқан 2 (екі) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602 кабинет болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.

6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                               Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы «4» қарашадағы

№ 4/636-1772 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с№

Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.       

Какеева Акерке Кобегеновна

20-321-008-060

«Дархан» шағын ауданы,

Қуанышбаев көшесі, 54А

жалпы - 0,0770

иеліктен шығарылатын ауданы - 0,0018

2.       

 

 

Арли Баги Небиевич, Арли Фатима Шеуевна

20-321-008-247

«Дархан» шағын ауданы,

Қуанышбаев көшесі,

55

жалпы - 0,0537

иеліктен шығарылатын ауданы - 0,0036

 

_________________________________

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher/documents/details/1096701?lang=kk