Құтқару бөлімшелері құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 5 807 жедел шығуды жүзеге асырды (2025 жылы – 4 550, өсім – 26,1%). Оның барысында:
- 411 адам құтқарылды (2025 жылы – 277, өсім – 40,2%); - 1 830 адам эвакуацияланды (2025 жылы – 230, 8 есе өскен).
Бақылау-профилактикалық қызмет аясында өрт қауіпсіздігі жағдайына қатысты 1 466 нысан тексерілді (2025 жылы – 726, 2 есе өскен). 7 318 бұзушылық анықталды (2025 жылы – 4 032, өсім – 48,2%). 1 441 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2025 жылы – 1 116, өсім – 29,1%). Оның ішінде 909 тұлғаға айыппұл салынды (2025 жылы – 435, өсім – 52%). Айыппұлдардың жалпы сомасы 80 190 201,5 теңгені құрады (2025 жылы – 31 181 050 теңге). Оның 91%-ы өндіріп алынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 1 960 сөз сөйлеу және ақпараттық материал жариялау фактісі тіркелді (2025 жылы – 1 962). Оның ішінде теледидарда – 389 (2025 жылы – 378), баспасөз басылымдарында – 486 (2025 жылы – 479), ақпараттық агенттіктерде – 911 (2025 жылы – 901), радио эфирінде – 174 (2025 жылы – 204).
Азаматтық қорғау саласындағы лауазымды және уәкілетті тұлғаларды оқыту кестесіне сәйкес, барлығы 939 адам оқудан өтті (2025 жылы – 899, өсім – 2,3%). Оның ішінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында – 920 адам (2025 жылы – 878, өсім – 4,7%), Азаматтық қорғау ұлттық орталығында – 19 адам (2025 жылы – 21).
Табиғи және техногендік сипаттағы 610 төтенше жағдай тіркелді (2025 жылы – 670, төмендеу – 9%). Олардың салдарынан 57 адам зардап шекті (2025 жылы – 92, төмендеу – 38%), 19 адам қаза тапты (2025 жылы – 11, өсім – 72,7%).
Төтенше жағдайлар туындау көздеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
-598 өндірістік және тұрмыстық өрт (2025 жылы – 660). Салдарынан 43 адам зардап шекті (2025 жылы – 28, өсім – 53,6%), 13 адам қаза тапты (2025 жылы – 8, өсім – 62,5%);
-ыстық сумен жабдықтау жүйесіндегі 4 апаттық жағдай (2025 жылы – 0). Салдарынан 3 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты (2025 жылы мұндай жағдайлар тіркелмеген);
-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар тіркелген жоқ (2025 жылы – 0). Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ;
-иіс газынан уланудың 3 жағдайы тіркелді (2025 жылы – 2, өсім – 50%). 5 адам зардап шекті (2025 жылы – 7, төмендеу – 28,6%), 1 адам қаза тапты (2025 жылы – 0);
-адамдардың улануының 2 жағдайы тіркелді (2025 жылы – 4). 3 адам зардап шекті (2025 жылы – 54, төмендеу – 94,4%). Қаза тапқандар жоқ (2025 жылы – 0);
-су айдындарында адамдардың зардап шегуіне байланысты 3 жағдай тіркелді (2025 жылы – 3). 3 адам қаза тапты (2025 жылы – 3).
Астана қаласындағы өрт жағдайы
Астана қаласында 598 өрт тіркелді (2025 жылы – 660, төмендеу – 9,4%).
Өрт шыққан нысандар бойынша:
- тұрғын үй секторында – 244 жағдай немесе 40,8% (2025 жылы – 264 жағдай немесе 40%);
- көлік құралдарында – 149 жағдай немесе 25% (2025 жылы – 164 жағдай немесе 24,8%);
- бақылаудағы нысандарда – 144 жағдай немесе 24,1% (2025 жылы – 175 жағдай немесе 26,5%);
- салынып жатқан нысандарда – 41 жағдай немесе 6,9% (2025 жылы – 37 жағдай немесе 5,6%);
- ашық аумақтарда – 20 жағдай немесе 3,3% (2025 жылы – 20 жағдай немесе 3%).
Өрттердің туындау себептері:
- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу – 350 жағдай немесе 58,5% (2025 жылы – 377 жағдай немесе 57,1%);
- жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу – 46 жағдай немесе 7,7% (2025 жылы – 62 жағдай немесе 9,4%);
- отпен абайсыз жұмыс істеу – 71 жағдай немесе 11,9% (2025 жылы – 115 жағдай немесе 17,4%);
- қасақана өрт қоюдың анықталған жағдайлары – 8 (2025 жылы – 9);
- басқа да себептер – 47 жағдай немесе 7,9% (2025 жылы – 54 жағдай немесе 8,2%);
- себептері анықталмаған өрттер – 76 жағдай немесе 12,7% (2025 жылы – 8 жағдай немесе 1,5%).