2026 жылдың 10 айында Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша (15 қызмет түрі) 116 296 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық (2025 жылы – 109455 қызмет).
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің негізгі үлесін төмендегілер құрайды:
1) Зейнетақы төлемдерін тағайындау – барлығы 30 229 тағайындау, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық (2025 ж. – 29877), оның ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 15828 қызмет; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 14401 қызмет.
2) Балалы отбасыларға жәрдемақылар тағайындау – барлығы 49 046 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп (2025 ж. – 47089 мемлекеттік қызмет). Оның ішінде:
- бала тууына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар – 22 463 төлем;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы – 20 727 төлем;
- мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы – 5213 төлем;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға – 643 төлем тағайындалды.
3) Сонымен қатар, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақыларды тағайындау – барлығы 21 227 төлем, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (19 244) салыстырғанда 10%-ға көп.
Сонымен қатар, инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының енгізілген сомасы мен төленуге тиісті сома арасындағы айырманы төлеуді тағайындау туралы 8096 шешім қабылданды (2025 ж – 6178), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
2025 ж. он айда көрсетілген қызметтер |
2026 ж. он айда көрсетілген қызметтер |
2025 ж. он айда қайта қаралған |
2026 ж. он айда қайта қаралған |
2025 ж. он айдағы барлығы |
2026 ж. он айдағы барлығы |
% (+:-) |
|
1.Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау |
8460 |
8672 |
7035 |
7156 |
15495 |
15828 |
2,14 |
|
2.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау |
8959 |
9527 |
5423 |
4874 |
14382 |
14401 |
0,13 |
|
3.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы |
3209 |
3318 |
9375 |
10358 |
12584 |
13676 |
8,68 |
|
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы |
698 |
733 |
5962 |
6818 |
6660 |
7551 |
13,38 |
|
5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау |
852 |
869 |
1267 |
1329 |
2119 |
2198 |
3,73 |
|
6.РБ бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау |
23717 |
22352 |
91 |
111 |
23808 |
22463 |
-5,65 |
|
7. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, қорғанышына жәрдемақы тағайындау |
1441 |
1624 |
3169 |
3589 |
4610 |
5213 |
13,08 |
|
8.Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау |
3253 |
3545 |
0 |
0 |
3253 |
3545 |
8,97 |
|
9.Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ, МЗЖЖ) сомасының айырмасын төлеуді тағайындау (мемлекеттік кепілдік) |
6178 |
8096 |
0 |
0 |
6178 |
8096 |
31,05 |
|
10 Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған аналарға жәрдемақы тағайындау |
445 |
393 |
273 |
250 |
718 |
643 |
-10,45 |
|
11.Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау |
3228 |
2760 |
14725 |
17967 |
17953 |
20727 |
15,45 |
|
12.Күтім жасаушы адамға жәрдемақы тағайындау |
580 |
853 |
515 |
622 |
1095 |
1475 |
34,7 |
|
13. Арнаулы кәсіптік жәрдемақы тағайындау |
162 |
151 |
0 |
0 |
162 |
151 |
-6,79 |
|
14. Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғы төлем тағайындау |
331 |
321 |
17 |
1 |
348 |
322 |
-7,47 |
|
15. Саяси қуғын‑сүргін құрбандары берілетін біржолғы төлем тағайындау |
46 |
6 |
41 |
1 |
87 |
7 |
-91,95 |
|
61559 |
63220 |
47893 |
53076 |
109452 |
116296 |
6,25 |
Бүгінгі таңда цифрландырудың арқасында 11 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, SMS-хабарлама арқылы келісімін растау жолымен жәрдемақылардың жекелеген түрлерін қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бала тууға байланысты жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы сияқты төлемдерге өтінішті екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
2026 жылдың басынан бері проактивті форматта 46 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 10 401 төлем адам қатысуынсыз автоматты түрде тағайындалды.
Сонымен қатар, Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау функцияларын да жүзеге асырады. Осы жұмыс аясында төлемдер тағайындалғаннан кейін де құжаттарға тексеру жүргізіледі.
Жылдың басынан бері ұсынылған құжаттардың дұрыстығына қатысты 1 048 зейнетақы ісі тексерілді. Оның ішінде 361 іс-құжаттар еңбек өтілінің сәйкестігін растау мақсатында, ал 418 іс-құжаттар зейнеткерлік жасқа толар алдында өткен кезеңдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаю фактісіне тексерілді.
Тексеру барысында Департамент еңбек өтілі мен азаматтардың табысы туралы мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, оның ішінде мемлекеттік архивтерге және мемлекеттік кірістер органдарына сұрау салулар жолдайды. Қажет болған жағдайда шет мемлекеттердің архивтік мекемелеріне де сұрау салулар жіберіледі.
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы расталмаған жағдайда, тиісті зейнетақы істерінің материалдары одан әрі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.
Бұл жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге, негізсіз төлемдердің алдын алуға бағытталған.
Осыған байланысты елорда тұрғындары мен азаматтарынан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуді сұраймыз.