«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Кодексінің 89 бабының 1 тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2027-2029 жылдарға арналған Қазалы қаласының бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2027 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 312386 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 104712 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 665 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3165 мың теңге;
трансферттер түсімі – 203844 мың теңге;
2) шығындар – 312386 мың теңге, оның ішінде;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)– 0.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.