Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы:

Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 618 422 адамды құрайды.  

Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 532 282 адам, оның ішінде:

- зейнеткерлер – 181 310 адам;

- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 907 адам;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 944 адам;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 334 адам;

- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –13 550 адам;

- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –58 194 адам;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға  күтім бойынша жәрдемақы –7 039 адам;

- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 227 адам;

- көп балалы аналар – 19 880 адам;

- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 1 адам.

Ағымдағы жылдың қазан айында жалпы 15 227 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың қазан айына қарағанда 8,1%-ға азайған.Оның ішінде:

- жаңа тағайындалғандар 7 714  немесе 3,6%-ға азайған;

- қайта қаралып бекітілгендер 7 513 немесе 12,8%-ға азайған.

//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың қазан айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 16 471, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 7 991, қайта қаралғандар 8 480//.

Сонымен қатар, 166 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 17, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 149. Өткен жылы 509-ді құраған немесе 206%-ға азайған.

//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша –  еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/documents/details/1096426?lang=kk