Ақтөбе облысы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

Ақтөбе облысы бойынша  мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат    

 

Партиялық тізімдер бойынша: 5 партиялық тізімде - Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» партиясы, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы», Қазақстан Халық партиясы - 53 кандидат тіркелді.

Тізімдерде әйелдер, жастар жиынтығы бойынша 44,4% , немесе 24 адам.

Тіркелген кандидаттар ішінде 35 – ер адам, 18 – әйел адам.

Орташа жас – 44,7. 35 жасқа дейін – 6 адам.

Тізімге еңгізілген ең жас кандидат 2000 жылы, ең үлкені – 1962 жылы туған.

3 ұлттың өкілдері ұсынылған, оның ішінде: 50  немесе 94,3% қазақтар, 2 немесе 3,8% орыстар, 1 немесе 1,9% корей.

 

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша:

17 округ бойынша 56 кандидат ұсынылды. 55 кандидаттын мәслихат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталды, сәйкес еместігі анықталған кандидат жоқ.

5 кандидат жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатураларын кері қайтарып алды.

17 округте 51 кандидат тіркелді

Тіркелген кандидаттар ішінде  38 - ер адам, 13  - әйел адам.

 Ең жасы 2001 ж.т., ең үлкені 1961 жылғы.

Ұлттық құрамы бойынша 41 немесе 80,4 % қазақтар, 2 немесе 3,9 % орыстар, 8 немесе 15,7 % басқалар.

Орташа бәсекелестік – бір орынға 3 кандидат.

Барлығы облыстық мәслихат депутатығына 104 кандидат тіркелді

 

Ақтөбе қаласы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы:

Ақтөбе қаласының мәслихатына: 30 округ бойынша 90 кандидат тіркелді

Аудандық мәслихаттарға: 139 округ бойынша 418 кандидат тіркелді

Барлығы: қала, аудандық мәслихат депутаттығына 508 кандидат тіркелді.

 

Кандидаттар тіркеу аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгітке 1 қарашада сағат 18:00-ден кейін бастады, ол 28 қараша күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 28 қараша – Тыныштық күні. 29 қараша – Сайлау күні

 

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/documents/details/1096381?lang=kk