“2026 – 2028 жылдарға арналған Бұқарбай батыр ауылдық округінің бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №37-8 шешімін іске асыру туралы Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2026-2028 жылдарға арналған Бұқарбай батыр ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамының көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Шығыстар:
1.«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет» функционалдық тобы
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2026 жылы – 52180 мың теңге;
Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға бағытталады.
- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша:
2026 жылы –2300 мың теңге;(жарықтандырудың төлемі мен күтіп ұстауға жұмсалады)
«Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
2026 жылы – 1200 мың теңге;(контейнер жасау, күл-қоқыстарды шығару,)
«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша:
2026 жылы – 4000 мың теңге; (ауылдағы көшені абаттандыру,Халық санағынабайланысты көшелерге атауларын жасату, саябақтарды күтіп ұстау
- «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы
«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша:
2026 жылы –48786 мың теңге;(ауылдық клубтың қызметін қамтамасыз ету жұмсалады)