Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қызметі туралы

Шымкент қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысымен  (бұдан әрі – Үш жақты комиссия) бекітілген.

Үшжақты комиссияның құрамына:

1.     Мемлекеттік органдар – Шымкент қаласының әкімдігі мен тиісті басқармалардың өкілдері;

2.     Жұмыс берушілер – жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері;

3.     Жұмыскерлер – кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кіреді.

Комиссия отырыстарында негізгі мынадай мәселелер қаралады:

  • еңбек қатынастарын реттеу;
  • жалақы бойынша берешекті өтеу;
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау;
  • әлеуметтік әріптестікті дамыту.

2026 жылы Үш жақты комиссияның 4 отырысы өткізілді.

1-отырыс. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәбитовтің төрағалығымен 2026 жылғы 16 наурызда өткізілген отырыста 2026 жылға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын бекіту, кәсіпорындардағы еңбек қатынастарының ахуалын талдау, жалақы берешегін жою және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

2-отырыс. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық қаупі бар кәсіпорындардағы ахуал, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы берешегін өтеу, еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналары деректеріндегі сәйкессіздіктерді жою, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

3-отырыс. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі бойынша жеңімпаздар номинациялар аясында анықталды. Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін жеңімпаздардың құжаттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.

4-отырыс. Кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек ахуалы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалақы берешегін өтеу, еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналары арасындағы сәйкессіздіктерді жою, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/documents/details/1096234?lang=kk