«Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» , (санаты E-R-1, №1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Балқаш қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.11.2026 - 09.11.2026

ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі) 10.11.2026

Эссе: 11.11.2026

Сұхбат: 16.11.2026

Анықтама телефоны: 8(71036) 43106

E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441254 тг.

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» ММ бөлім басшысы , (санаты E-R-1, №1-1)  

 (Лауазым мәртебесі: бос)

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады, бөлімге жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік салалық бағдарламалардың стратегиясы аясында туризмді дамытудың перспективалық, ағымдағы, мақсатты және өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Туризмнің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, туристік инфрақұрылымды дамытуға, салаға инвестициялар тартуға, ауданның туристік өнімін ішкі және халықаралық туристік нарықтарда ілгерілетуге ықпал етеді. Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өздігінен ұйымдастырылатын туризмді дамытуға қолдау көрсетеді. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды жүзеге асырады. Қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланыстарды жүзеге асырады. Саланы дамытуға, қолданыстағы ұйымдардың қызметін кеңейтуге, оның ішінде туристік және өзге де өнімдерді өндіруге инвестициялар тартудың бірыңғай стратегиясын іске асырады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидар және т.б.) арқылы ақпараттық-жарнамалық және баспа қызметін жүргізуге қатысады. Балқаш қаласы әкімдігінің қаулылары мен әкім шешімдерінің жобаларын, өңірлік бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысады. Дене шынықтыру және спортты дамыту мен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік және республикалық бағдарламаларды іске асырады, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлейді. Дене шынықтыру және спорт мекемелерінде бюджет қаражатының жоспарлануы мен жұмсалуын бақылайды, шығыстарға талдау жүргізеді және оларды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды. Қалада өткізілетін барлық спорттық-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді. Спорттың барлық түрлері бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткізу жоспарларын әзірлейді. Қаладағы балалар мен ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен қамту деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Білім беру ұйымдарының спорт қоғамдарының, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) және қаланың өзге де кәсіпорындарының қызметін үйлестіреді. «Электрондық құжат айналымы», «E-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізеді.

 

Жалпы біліктілік талаптары

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

  • 1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес
  • 2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес
  • 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес
  • 4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.»

Білімге қойылатын талаптар

  • Жоғары білім
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
  • Орта білімнен кейінгі білім
  • Кәсіби білім

 

Мамандық бойынша талап

·         Алғашқы әскери дайындық (код=5В010400, түрі=Педагогикалық ғылымдар)

·         Дене шынықтыру және спорт (код=5В010800, түрі=Педагогикалық ғылымдар)

·         Тарих (гуманитарлық ғылымдар) (код=B, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Мәдениеттану (код=В039, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

·         Аударма ісі (код=5В020700, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Археология және этнология (код=5В020800, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Шығыстану (код=5В020900, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Түркітану (код=5В021200, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау (код=5В041900, түрі=Өнер және гуманитарлық ғылымдар)

·         Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі (код=B, түрі=Қызметтер)

·         Туризм (код=В091, түрі=Қызметтер)

·         Мемлекеттік аудит (код=5В052100, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Құқық (код=В049, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Көлік қызметтері (код=В095, түрі=Қызметтер)

·         Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау (код=В016, түрі=Педагогикалық ғылымдар)

·         Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау (код=В017, түрі=Педагогикалық ғылымдар)

·         Шет тілі мұғалімдерін даярлау (код=В018, түрі=Педагогикалық ғылымдар)

·         Халықаралық қатынастар мен дипломатия (код=В140, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

·         Журналистика және репортерлік іс (код=В042, түрі=Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат)

·         Басқару және әкімшілік (код=В044, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Аудит және салық салу (код=В045, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Қаржы, экономика, банк ісі және сақтандыру (код=В046, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Маркетинг и реклама (код=В047, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Еңбек дағдылары (код=В048, түрі=Бизнес, басқару және құқық)

·         Қоршаған орта (код=6B052, түрі=Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика)

·         Досуг (код=В092, түрі=Қызметтер)

·         Әскери іс (код=6B121, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс)

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.  https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5591626192

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/documents/details/1096216?lang=kk