Жалпы мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес дербес бөлімдермен бекітілген мемлекеттік сатып жоспарына сәйкес 2026 жылы 1565 сатып алу жоспарланған.
Жылдық сатып алу жоспарына сәйкес келесідей тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыру қарастырылған:
- ашық конкурстар саны –64 бірлік;
- рейтингтік балдық жүйе- 11;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 21 бірлік;
- баға ұсынысымен сатып алу тәсілімен және басқада тәсілдермен сатып алу бойынша - 1 469 бірлік.
Ағымдағы жылдың 31 маусымына дейін бөлімдермен 1 379 мемлекеттік сатып алу жарияланған немес жалпы жоспардың 89 % құрайды.
Жыл басынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаражат 34 143 мың тг. құрады.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру
Биылғы жылы Пушкин көшесі, 9/2 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты жекешелендіру жоспарланған. Нысанның бағалау құны 18 569,0 мың теңгені құрады.
Аталған нысанды жекешелендіру үшін алты мәрте аукцион өткізілді. Нәтижесінде бағаны төмендету әдісі арқылы нысан аукционнан сатылды.
Сату құны 2 889,7 мың теңге. Нысанды сатудан түскен қаражат толығымен 301102 кодына аударылды.
Жекешелендіруге жататын пәтерлерді бағалау
Бағалаушы компанияны анықтау үшін баға ұсыным арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша жеңімпаз "Фин ЮТА консалтинг" ЖШС танылды.
Жыл басынан Приозерск қаласының тұрғын-үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен жекешелендіруге жататын пәтерлерді бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 26 пәтерге бағалау жүргізілді.
Бағаланған пәтерлердің құны 24 000,0 мың теңгені құрады.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды мүліктік жалға беру
Жыл басынан мүліктік жалға беру бойыша 11 келсім шарт жасалынды. Мүліктік жалға Балқаш көшесі, 5, 7 ғимараттарының бос алаңдары, қала бойынша бағандар берілді.
2026 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша 201508 кодына мүліктік жалдан – 2036.7 мың теңге қаражат түсті.