Ұялы байланыс сигналының репитерлерін (күшейткіштерін) орнату және пайдалану кезіндегі заңнама талаптары туралы

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес, ұялы байланыс сигналының репитерлерін (күшейткіштерін) орнату және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Аталған жабдықты белгіленген талаптарды бұза отырып пайдалану радиокедергілердің туындауына, тиісті аумақта ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауына немесе олардың мүлдем болмауына әкеп соғуы мүмкін екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартуға негіз болатынын түсіндіру қажет

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-zavodskoi/documents/details/1096190?lang=kk