Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 02 қазандағы Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ғ. Қараш, 34 мекен-жайында орналасқан «Сolibri Astana» ЖШС жеке меншік бала бақшасында «Көкжөтел» жағдайы тіркелуіне № 3 шұғыл хабарлама негізінде.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 05.10.2026 ж. - 22.10.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ғ. Қараш, 34 мекен-жайында орналасқан «Сolibri Astana» ЖШС жеке меншік бала бақша
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.