«2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 122 059 864,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 38 422 943,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 273 172,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –10 113 411,9 мың теңге;
трансферттер түсімі – 71 250 337,3 мың теңге;
2) шығындар – 145 454 480,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 997 924,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 196 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 194 524,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 192,7 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 192,7 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 22 396 883,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 22 396 883,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 25 583 654,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 087 471,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 900 701,2 мың теңге.».
2. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы
И. Құттықожаев