Құқықтық жалпыға бірдей оқыту.

2026 жылдың 4 қарашада аудан әкімінің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің ақпараттық-талдау жұмысы жөніндегі бас инспекторы В.В. Ильюшенко «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы А.Р. Елжановамен және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандармен семинар өткізді. Оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жол берілетін бұзушылықтар, сондай-ақ бұрын берілген ұсынымдарды орындау мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және келешекте бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

            Жалпыға бірдей оқыту шеңберінде мамандарға: мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген рәсімдерді қатаң сақтау; орындаудағы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ - ға қол қоюын қамтамасыз ету; уақтылы тіркелмеуді болдырмау; мерзімдерді бұзуға жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/finance-musrepov/documents/details/1096154?lang=kk