2026 жылғы қазан айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама.
Алматы қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы қазан айында 22 347 мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетті, оның ішінде:
1871 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілді;
588 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы балама негізде қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін;
13 966 мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда );
5078 мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда);
Көрсетілген 22 347 мемлекеттік қызметтің ішінен басқарма 18 рет қағаз түрінде берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден 826 рет бас тартты (барлық бас тартулар электрондық нысанда ұсынылған).