Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы қазан айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді

Ақпарат

 

Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімімен 2026 жылғы қазан айы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратынан, сол сияқты жоғарғы органдардан келіп түскен бақылаудағы кіріс құжаттардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді.

2026 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан барлығы 14024 кіріс құжаты түскен.

Түскен 14024 құжаттың 9255-і (66%) бақылауға алынып,                      6408-і тиісті мерзімінде орындалса, 2847 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда тұр.

 Оның ішінде:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен түсіп, бақылауға алынған 234 құжаттың 186-ы орындалды. Қалған 48 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;

- ҚР Үкіметі Аппаратынан түсіп, бақылауға алынған 3206 құжаттың
2231-і орындалды, қалған 975 құжат орындалу мерзімдеріне байланысты бақылауда;

- Орталық атқарушы органдардан түсіп, бақылауға алынған
5815 құжаттың 3991-і орындалды, қалған 1824 құжат мерзімдеріне байланысты бақылауда.

Шығыс хаттар саны – 8478.

2026 жылғы қазан айы бойынша тапсырмалар тиісті мерзімдерінде орындалып, бақылаудан алынды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/documents/details/1096110?lang=kk