«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының негізінде, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
2 қарашадағы № 126 қаулысына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты жариялаймыз.
Сайлау науқаны кезеңіне № 6 округ, №№ 223, 251 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің Рощенко Елена Геннадьевна, Айтмуратова Валерия Николаевна, Искажимова Зара Еркиндыковна міндеттерін атқаруы тоқтатылсын.
Сайлау науқаны кезеңіне № 6 округ, №№ 223, 251 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруды тоқтатқан орнына Сигута Роман Васильевич, Искажимова Зара Еркиндыковна, Айтмуратова Валерия Николаевна тағайындалсын.
Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы