Ақпараттық хабарлама

Денисов ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2026 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10.00-де Қостанай облысы, Денисов ауданы мекенжайы бойынша өтеді, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5, (аудан әкімдігінің ғимараты). Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2026 жылғы 23 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде (қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ-де жүзеге асырылады. мекен-жайы: Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 (48-кабинет).

            Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер бойынша конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға қолма-қол енгізіледі.

            "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына министрдің бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеніне назар аударамыз 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/documents/details/1095903?lang=kk