2026 жылдың алғашқы 10 айында Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасына «Documentolog» ақпараттық жүйесі арқылы 1 947 кіріс құжат пен тапсырма түскен.
Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан, министрліктер мен ведомстволардан, облыстық басқармалардан, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктерінің аппараттарынан келіп түскен.
Сонымен қатар есепті кезеңде «Documentolog» ақпараттық жүйесі арқылы басқармадан 1 175 шығыс құжат жолданған.