2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасына «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан 646 өтініш келіп түскен.
Оның ішінде 478-і – жолданым, 114-і – шағым, 54-і – ұсыныс пен сұрау.
Келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 53 өтініш толық қанағаттандырылған. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес 103 өтініш бойынша түсіндірме берілген.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабына сәйкес 471 өтініш басқа құзыретті органдарға жолданған. Ал 19 өтініш аталған кодекстің 70 және 89-баптарына сәйкес қаралған.