Қостанай облысындағы білім беру саласының дамуы туралы ақпарат

 

Қостанай облысындағы білім беру саласының

дамуы туралы ақпарат

 

Білім беру саласының бюджеті 2026 жылы – 225,5 млрд теңге.

Білім беру желісіне 726 ұйым кіреді (649 мемлекеттік, 77 жекеменшік), оның ішінде 170 балабақша (111 мемлекеттік, 59 жекеменшік), 422 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 кешкі мектеп, 1 түзеу мекемесі жанындағы мектеп, 8 жекеменшік жалпы білім беретін мектеп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 33 ұйымы (24 білім басқармасына, 2 денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік және 7 жекеменшік), 27 арнайы білім беру ұйымы (6 арнайы мектеп пен мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымы, 57 қосымша білім беру ұйымы (54 мемлекеттік, 3 жекеменшік – Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» жазғы лагері, «Строитель» жазғы лагері).

Мектепке дейінгі тәрбие.

2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша облыста 170 балабақша бар, оның ішінде 59-ы жекеменшік, 276 шағын орталық, оның ішінде 1 жекеменшік.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру кезегінде 1 103 бала тұр. Кезекте тұрған 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны: Рудный қаласында – 544, Арқалық қаласында – 157, Қостанай ауданында – 139.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 31 527 бала, 96,8%. 2025 жылы 940 орынға арналған 6 жаңа балабақша пайдалануға берілді (3 мемлекеттік, 3 жекеменшік).

Жалпы орта білім.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 438 мектептен тұрады, оның ішінде 422-сі күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп (2025-2026 оқу жылында – 432), 6-ы мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы (КММ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Қостанай арнайы «Балабақша-мектеп-интернат» кешені», КММ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Қостанай арнайы «Балабақша-мектеп-интернат» кешені №2», КММ «Арқалық арнайы мектеп-интернаты», КММ «Лисаков арнайы мектеп-интернаты», КММ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі», КММ «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы»), 1-еуі кешкі мектеп (2025-2026 оқу жылында – 4), 1-еуі түзеу мекемесі жанындағы мектеп, 8-і жекеменшік мектеп (2025-2026 оқу жылында – 9).

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 108 мектепте мемлекеттік тілде, 103 мектепте аралас тілде оқытылады.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым болуына байланысты 269 мектеп немесе 64,2% (2025-2026 оқу жылында – 64,1%) оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету үшін 21 тірек мектеп, 63 магниттік мектеп жұмыс істейді.

Қосымша білім беру.

2026 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысында қосымша біліммен қамту 85,9%, яғни 98 690 бала (мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды қоса алғанда).

Облыста 57 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 54 мемлекеттік (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы сарайлары, үйлері мен орталықтары – 22, музыка мектептері – 6, көркемөнер мектептері – 3, өнер мектептері – 10, хореографиялық мектептер – 1, техникалық шығармашылық мектептері – 1, аула клубтары – 1, оқу-әдістемелік орталықтар – 1, қала сыртындағы лагерьлер – 9) және 3 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» жазғы лагері, «Строитель» жазғы лагері). Қамту – 41 045 бала.

Сондай-ақ облыста 30 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 18 мыңнан астам бала айналысады.

2026 жылы балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыруға 2,4 млрд теңге бөлінді («Damubala» платформасы), 9 467 бала қамтылды.

2026 жылғы 2 қыркүйекте Жангелдин ауданында Балалар шығармашылығы үйі ашылды.

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнайы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында 9 509 ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала тұрады (2023 ж. – 9 793, 2024 ж. – 9 432), оның ішінде 9 081 бала оқуға жатады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.

489 1-11 сынып оқушысы жеке бағдарламалар бойынша үйде білім алады.

3 666 бала (2023-2024 оқу жылында – 3 912, 2024-2025 оқу жылында – 3 743, 2025-2026 оқу жылында – 3 666) 350 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті біліммен қамтылған.

34 жалпы білім беретін мектеп пен 1 балабақша жанында 35 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 392 балаға қолдау көрсетіледі.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР бойынша – 99) 962 тәрбиеленуші білім алады, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнайы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде психикалық дамуы тежелген – 602, ақыл-ой кемістігі бар – 32, сөйлеу қабілеті бұзылған – 42, көру қабілеті бұзылған – 6).

Қазіргі уақытта 417 мектепте (96,5%), 100 балабақшада (88,5%) және 26 колледжде (100%) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған (кедергісіз қолжетімділік, мамандармен қамтамасыз ету, тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту).

17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ҚР бойынша – 227) 680 балаға түзету қолдауы көрсетіледі (2021-2022 оқу жылында – 622).

Үш жыл бойы жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде үйде оқитын, 6-18 жас аралығындағы ерекше балалар үшін алып жүруші тұлғамен бірге жазғы демалыс және сауықтыру ұйымдастырылады. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде оны «Хатико» жеке қала сыртындағы оңалту орталығы базасында ұйымдастырады. 2026 жылы жазғы кезеңде облыстың 13 өңірінен 338 бала алып жүруші тұлғасымен бірге демалды. Жалпы сомасы – 62,5 млн теңге (2022 ж. – 12 млн, 100 бала және 100 алып жүруші; 2023 ж. – 29 млн теңгеден астам, 292 бала; 2024 ж. – 52 млн теңге, 352 бала; 2025 ж. – 54,1 млн теңге, 375 бала).

Облыста 1 469 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады (2021 ж. – 1 870, 2022 ж. – 1 764, 2023 ж. – 1 699, 2024 ж. – 1 659, 2025 ж. – 1 587).

Олардың 956-сы қорғаншылық және қамқоршылықта (2021 ж. – 1 240, 2022 ж. – 1 198, 2023 ж. – 1 193, 2024 ж. – 1 034), 187-сі Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021 ж. – 192, 2022 ж. – 185, 2023 ж. – 181, 2024 ж. – 185, 2025 ж. – 186), 9-ы қабылдаушы отбасында (2021 ж. – 19, 2022 ж. – 18, 2023 ж. – 17, 2024 ж. – 17, 2025 ж. – 9), жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымында 317 кәмелетке толмаған тәрбиеленуде.

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 – білім басқармасына қарасты мемлекеттік, 2 – денсаулық сақтау басқармасына қарасты және 7 жекеменшік). Онда 21 995 студент білім алады.

Дуальды оқыту нысаны бойынша кадр даярлау 30 колледжде (91%) 7 459 студент үшін жүргізіледі, бұл ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, қызмет көрсету, білім беру, байланыс және ақпараттық технологиялар, энергетика салаларын қамтиды.

2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау 5 639 адамды құрады (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы – 1 483).

2025-2026 оқу жылындағы ұқсас кезеңде мемлекеттік тапсырыс 6 721 адамды құрады (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы – 1 582 адам).

Қазіргі уақытта 23 жатақхана жұмыс істейді (21-і мемлекеттік колледждерге, 2-еуі жекеменшік колледждерге тиесілі). Жатақхана орындарымен қамтамасыз етілген студенттердің жалпы саны – 2 742 адам.

Кадрмен қамтамасыз ету.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 14 905 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімділері – 13 393, бұл 90%, арнаулы орта білімділері – 1 512, немесе 10,1%. Магистр академиялық дәрежесі бар педагогтер саны – 1 270 (8,5%).

Қолданыстағы формат бойынша біліктілік санаттары 14 856 педагогте (99,6%) бар: «педагог-шебер» – 97 (0,65%), «педагог-зерттеуші» – 2 188 (14,7%), «педагог-сарапшы» – 3 664 (24,6%), «педагог-модератор» – 5 520 (37,1%), «педагог» – 3 387 (22,7%).

Ескі форматтағы санаты бар педагогтер саны – 9 (0,6%): жоғары санат – 5, бірінші – 2, екінші – 2.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 3 420 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімділері – 1 850 (54%), арнаулы орта білімділері – 1 570 (46%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі барлары – 1 378 (40,2%). Магистр академиялық дәрежесі бар педагогтер – 52 (1,6%).

Қолданыстағы формат бойынша біліктілік санаттары 3 344 педагогте (97%) бар: «педагог-шебер» – 1 (0,2%), «педагог-зерттеуші» – 133 (3,9%), «педагог-сарапшы» – 365 (11%), «педагог-модератор» – 1 689 (50,5%), «педагог» – 1 156 (35%).

Ескі форматтағы санаты бар педагогтер – 66 (2%): жоғары – 35, бірінші – 13, екінші – 18.

Арнайы ұйымдарда және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 734 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімділері – 694, бұл 94,5%, арнаулы орта білімділері – 40, немесе 5,4%. Магистр академиялық дәрежесі бар педагогтер – 115 (15,6%).

Қолданыстағы формат бойынша біліктілік санаттары 715 педагогте (97,4%) бар: «педагог-шебер» – 6 (0,83%), «педагог-зерттеуші» – 113 (15,8%), «педагог-сарапшы» – 98 (13,7%), «педагог-модератор» – 320 (45%), «педагог» – 178 (24,8%).

Ескі форматтағы санаты бар педагогтер – 19 (2,5%): жоғары – 2, бірінші – 5, екінші – 12.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

2026 жылғы қыркүйек айының соңында Береке шағын ауданында 980 орындық мектеп ашылды. Құнай шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы жалғасуда, аяқтау мерзімі – 2027 жыл.

Оқуға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау мақсатында 2026 жылы 7 білім беру нысанын (6 мектеп, 1 колледж) күрделі жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінді (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев жалпы білім беретін мектебі, Арқалық қаласының №5 мектебі, Қостанай қаласының №122 орта мектебі, Федоров ауданының Кенарал мектебі, Қарабалық ауданының Боскөл мектебі, Лисаков техникалық колледжі).

7 нысанның 5-еуі 2025 жылдан ауысқан (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев мектебі, Арқалық қаласының №5 мектебі, Қостанай қаласының №122 орта мектебі, Федоров ауданының Кенарал мектебі).

Қазіргі уақытта 4 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев мектебі, Қостанай қаласының №122 орта мектебі, Лисаков техникалық колледжі).

Қарабалық ауданының Боскөл мектебінде 2026 жылға жоспарланған жұмыстар аяқталды, қалған жұмыстар 2027 жылы жалғасады.

Арқалық қаласының М.Әуезов атындағы №5 мектебінде жөндеу жұмыстары 95%-ға орындалды, ғимаратты жөндеу аяқталды, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Федоров ауданының Кенарал мектебінде жұмыстар 85%-ға орындалды, шарт бойынша аяқтау мерзімі – 30.10.2026 жыл.

Қауіпсіздік.

2026 жылы білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелеріне (дабыл түймесі, турникеттер, бейнебақылау), сондай-ақ мамандандырылған күзет қызметіне 2,5 млрд теңге бағытталды.

Анықтама: 2025 жылы қауіпсіздікті күшейтуге 3,0 млрд теңгеден астам бөлінді, оның ішінде лицензияланған күзетті енгізуге – 1 279,8 млн теңге, камераларды Жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО) қосу қызметіне – 491,1 млн теңге, қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсетуге – 580,1 млн теңге, бейнебақылау жүйелерін жаңартуға (цифрлық камералар) – 730,5 млн теңге.

84 (100%) балабақшада бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімге (бұдан әрі – КБ) шығарылған, 84 (100%) балабақшада дабыл түймесі орнатылған, 75 (100%) лицензияланған күзет енгізілген, 75 (100%) домофон жүйесі орнатылған.

302 (100%) мектепте бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және КБ-ға шығарылған, 302 (100%) мектепте дабыл түймесі орнатылған, 136 (100%) мектепте лицензияланған күзет енгізілген, 136 (100%) мектепте турникеттер бар.

24 (100%) колледжде бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және КБ-ға шығарылған, 24 (100%) колледжде дабыл түймесі орнатылған, 23 колледжде лицензияланған күзет енгізілген, 23 колледжде турникеттер бар.

23 (100%) қосымша білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және КБ-ға шығарылған, 23 (100%) ұйымда дабыл түймесі орнатылған, 23 (100%) ұйымда лицензияланған күзет енгізілген, 23 (100%) ұйымда турникеттер бар.

Цифрландыру.

2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Интернет желісіне қолжетімділігі бар мектептердің үлесі – 100% (2023 жылға жоспар – 100%, 2024 жыл – 100%, 2025 жыл – 100%).

Қазіргі уақытта облыстың барлық 432 мектебі 20 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 140 ауылдық мектеп өз жұмысында Starlink спутниктік интернетін пайдаланады (оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Лисаков және Арқалық арнайы мектеп-интернаттары).

Қостанай облысы бойынша барлығы 37 421 компьютерлік техника бірлігі бар, оның 6 215-і немесе 16,6%-ы жаңа үлгідегі, ал 31 206-сы немесе 83,4%-ы есептен шығаруды қажет етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/documents/details/1095853?lang=kk