Қорғанбай ауылы жергілікті қоғамдастығы мүшелерінің жиыны

№ 2 ХАТТАМА

 

Кеңгір ауылы                 2025 жылғы 30 маусым

Уақыты: сағат 15:00

Жиынды Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова ашып, жүргізді.

Қатысқандар: Қорғанбай ауылы жергілікті қоғамдастығының 18 мүшесі, ауыл тұрғындары, «Кеңгір ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.

Кеңгір ауылының әкімі жиын төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиналыс төрағасы болып Д.М. Дыбысованы, хатшы болып С.А. Ермағанбетовты сайлау туралы ұсыныс түсті.

– Басқа ұсыныстар бар ма? Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» – 48 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.

Бірауыздан қабылданды.

Жиналыс төрағасы – Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Дәмелі Мейіржанқызы Дыбысова жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Кеңгір ауылы көшелерінің атауларын қайта атау.

Жұмыс регламенті ұсынылды:

  1. Күн тәртібіндегі мәселені қарауға – 15 минут.
  2. Сөз сөйлеушілерге – 5 минут.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» – 48 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова жиналғандарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-05 тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктерін (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар және т.б.) қайта атау жөніндегі құжаттар тізбесімен таныстырды.

  1. Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауларын қайта атап, оларға тарихи және дәстүрлі атаулар беру.
  2. Аталған іс-шараларды өткізу барысында жеке тұлғалардың есімдерін беруге шектеу енгізу.

Осыған байланысты Республикалық ономастика комиссиясының тізімі талқыланып, көшеге «Бірлік» атауын беру туралы шешім қабылдау ұсынылды.

Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» – 48 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.

ШЕШІМ:

Қорғанбай ауылындағы көшеге «Бірлік» атауы берілсін.

Шешім көпшілік дауыспен қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселе қаралды. Жиынды өткізу тәртібіне қатысты ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

Жиын төрағасы:         Д.М. Дыбысова

Хатшы:             С.А. Ермағанбетов

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/documents/details/1095822?lang=kk