№ 1 ХАТТАМА
Талап ауылы 2026 жылғы 12 қаңтар
Өтетін орны: Талап ауылының клубы
Уақыты: сағат 11:00
Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 5 адам, «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
- Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
- «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған Талап ауылы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінім жобасын талқылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Жиналысты Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлы ашып, жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.
Жиын барысында төрағалыққа Еркен Копеевті, хатшылыққа Гүлжан Жұмағалиевна Сағатованы сайлау туралы ұсыныстар енгізілді.
Жиналыс төрағасы Еркен Копеев қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды:
- Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
- Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
- «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған Талап ауылы бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінім жобасын талқылау.
Күн тәртібін бекіту үшін дауыс берулеріңізді сұраймын:
«Қолдағандар» – 5 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.
Сөз Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлына берілді:
Құрметті жиынға қатысушылар! Назарларыңызға Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту: егер сіздерде қандай да бір мәліметтер болса, хабарлауларыңызды сұраймыз. (Жеке қосымшада ұсынылады).
Жиналыс төрағасы Еркен Копеев: Қандай ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз бар?
Ұсыныстар мен сұрақтар жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшейік.
«Қолдағандар» – 5 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының мүшесі Бейсембаев Мұрат Сиязбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті қоғамдастықтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды (қосымшада).
Жиналғандар бірауыздан мақұлдады.
«Қолдағандар» – 5 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Талап ауылының әкімі Бапанов Қайрат Мұратбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Талап ауылының 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімімен таныстырды:
2026 жылға арналған Талап ауылының бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты қажетті қаражаттар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамын:
124.001.015 «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» – 38 797,0 мың теңге.
Оның ішінде 159-бағдарлама бойынша:
- 124.008.015 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» – 13 915,0 мың теңге;
- 124.009.015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» – 5 421,0 мың теңге;
- 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» – 44 640,0 мың теңге;
- 124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» – 5 925,00 мың теңге.
Жергілікті қоғамдастық мүшесі Асан Мұханов: Сұратылып отырған қаражат тиісті мақсаттарға бағытталған. Сондықтан ұсынысты қолдаймын.
«Қолдағандар» – 5 адам.
«Қарсы» – 0 адам.
«Қалыс қалғандар» – 0 адам.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:
- Талап ауылының 2026–2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстардың орындалуы бақылауға алынсын.
- Жергілікті қоғамдастықтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
Төраға: Е. Копеев
Хатшы: Г.Ж. Сағатова