«Абай ауданында халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шараларын іске асыру: 2026 жылдың қорытындылары»

2026 жылы атаулы әлеуметтік көмек (12226 теңге) 93 отбасына (553 адам, оның ішінде 358 бала) тағайындалып, 60849.0 мың теңге көлемінде төленді.

Оның ішінде:

– 59 көпбалалы отбасы (404 адам, 281 бала);

– 34 аз қамтылған отбасы (149 адам, 77 бала).

1–7 жас аралығындағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет 6488 теңге мөлшерінде тағайындалды.

74 отбасының 144 баласына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп, жалпы сомасы 6122,0 мың теңгені құрады.

 

Абай ауданы бойынша 01.11.2026 жылғы жағдайға өңірлік картаның жоспары мен орындалуы:

– Қоғамдық жұмыстар: жоспар – 103 адам, орындалуы – 135 адам;

– Әлеуметтік жұмыс орны: жоспар – 9 адам, орындалуы – 10  адам;

– Жастар практикасы: жоспар – 25 адам, орындалуы – 25 адам;

– «Күміс жас» жобасы: жоспар – 9 адам, орындалуы – 13 адам;

– Қысқа мерзімді оқу: жоспар – 20 адам, орындалуы – 20 адам;

– Грант: жоспар – 5 адам, жоспарға сәйкес орындалуы – 5 адам.

 

Жастарға арналған 2,5 % жеңілдетілген несие бойынша ағымдағы жылға қаржы қарастырылмаған.

 

Бос жұмыс орындары: жоспар – 197 адам, орындалуы – 231 адам.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/documents/details/1095783?lang=kk