№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеуден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының №7 бірмандаттық округтік сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 қарашадағы №10 шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабының 6-1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ерік Ибрагимович Жанбыршиновты сайлау жарнасын төлегенін растайтын құжатты ұсынбағандықтан Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы