«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы ақпарат

№

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны

Тапсырманың  орындалуы туралы ақпарат

1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық олқылықты жою үшін уәкілетті органға авторлық қадағалауды сүйемелдеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жауаптылығын көздейтін норманы енгізу туралы хат жолдау қаже.

Тиісті ұсыныстары бар хат

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» РММ-не сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды бұза отырып, авторлық қадағалауды сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жауаптылығын көздейтін норманы әзірлеу қажеттілігі туралы хат жолданды.

 

2

Құрылыс саласындағы ашықтық пен сапаны арттыру мақсатында, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органға жұмыс түрлеріне байланысты өндірістік базалардың (ғимараттардың, үй-жайлардың) құрамын нақтылайтын норманы енгізу туралы хат жолдау қажет

Тиісті ұсыныстары бар хат

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» РММ-не жұмыс түрлеріне байланысты өндірістік базалардың (ғимараттардың, үй-жайлардың) құрамын нақтылайтын норманы әзірлеу қажеттілігі туралы хат жолданды. Қазіргі уақытта Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 21 сәуірдегі №191 бұйрығымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары бекітілді, оны енгізу берілген лицензиялар мен рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеуге, сондай-ақ лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тұрақты негізде тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тізілімге инженерлік-техникалық қызметкерлердің, сарапшылардың, өндірістік базаның, материалдық-техникалық жарақтандырылудың, іске асырылған объектілердің болуы, рұқсаттың мәртебесі, тоқтатыла тұру кезеңі, рұқсатты кері қайтарып алу немесе күшін жою негіздері туралы мәліметтер кіретін болады.

 

3

Объектілерді енгізу актілерін салыстырып тексеруді жүргізу кезінде заңдылықты сақтау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға салынған объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу қажеттігі туралы хат жіберу.

Тиісті ұсыныстары бар хат

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру шеңберінде салынған нысанды пайдалануға қабылдау актілерін салыстыруды регламенттейтін 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі әзірленді

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-kkgs/documents/details/1095606?lang=kk