|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жетілдіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға меншік немесе жалдау құқығын растау үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды (арнайы техниканы) тіркеуге ұқсас, мәлімделген іске асырылған құрылыс объектілерінде орындалған жұмыстардың түпнұсқалығын растау мақсатында мердігер ұйымдарды тіркеу үшін бірыңғай ақпараттық жүйені құру қажеттілігі туралы хат жолдау.
|
Тиісті ұсыныстары бар хат |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығымен «Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидалары» бекітілді (ttps://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034852). Бұйрыққа сәйкес Автоматтандырылған тізілімде инженерлік-техникалық қызметкерлер туралы, өндірістік база туралы, материалдық-техникалық жарақтандыру туралы, іске асырылған объектілер туралы және басқа да мәліметтер бар. Бұдан басқа, Автоматтандырылған тізілімдегі рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) Жүйемен автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімінің негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Р.В. Скляр 2023 жылдың 12 қыркүйегінде бекіткен құрылыс саласындағы процестерді жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес адами факторды қоспағанда, лицензиялау жүйесін толық автоматтандыру қолданысқа енгізілді. |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жетілдіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпаратына қол жеткізуді ұсыну қажеттілігі туралы хат жолдау.
|
Тиісті ұсыныстары бар хат |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпаратына қол жеткізу қажеттігі туралы ұсыныспен бірнеше рет хаттар жолданды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Р.В. Склярдың 2023 жылдың 12 қыркүйегінде бекітілген құрылыс саласындағы процестерді жаңғырту жөніндегі жол картасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының сарапшыларды аттестаттауға қатысты 3-тармағына өзгерістер енгізу және сарапшыларды аттестаттау жүйелерін толық автоматтандыру көзделген. Бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және сарапшылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. |
|
3 |
Тексеру жүргізу кезінде ашықтық пен заңдылықты сақтау мақсатында мемлекеттік құрылыс инспекторларын тексеру жүргізу кезінде сертификатталған дербес бейнежетондармен қамтамасыз ету бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға хат жолдау. |
Тиісті ұсыныстары бар хат |
Қазіргі уақытта Басқармаға әкімшілік істерді жүргізу электрондық форматқа ауыстырылды. Әрбір мемлекеттік құрылыс инспекторы бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дереу жасау үшін планшетпен қамтамасыз етілген. |
|
4 |
Объектілерді енгізу актілерін салыстырып тексеруді жүргізу кезінде заңдылықты сақтау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға салынған объектіні пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып тексеру жүргізу қағидаларын әзірлеу қажеттігі туралы хат жіберу.
|
Тиісті ұсыныстары бар хат |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісін салыстыру кезінде қағидаларды әзірлеу ұсынысымен бірнеше рет хаттар жолданды. |