«Е-өтініш» АЖ деректері бойынша 2026 жылғы қазан айында «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-не (бұдан әрі – Басқарма) 267 жолданым келіп түсті, оның ішінде:
өтініштер – 230;
шағымдар - 1,
басқалар (сұрау салулар, жауаптар, ұсыныстар, хабарламалар) – 36.
Басқармада 180 жолданым қаралды, олар бойынша шешім қабылданды:
қолайлы әкімшілік акт қабылданды - 136,
ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды - 8,
- авторға жауап берілді – 24;
- тоқтатылды – 5;
- назарға алынды – 2;
- басқалар – 5;
Қаралуда – 56.
Құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдарға – 31 жолданым қайта жіберілді, қараусыз есептен шығарылды – 0.
Қаңтар және қазан айлар аралығындағы кезеңде Басқармаға 1581 жолданым келіп түсті.
Ең өзекті мәселелер мыналар болып табылады: жер және жерді пайдалану, ауыл шаруашылығында субсидиялау, сот орындаушыларының сұраныстары, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, астық өндіру.