№ ____ ХАТТАМА
«Жылыту орталығы» ЖШС қызметкерлерімен қазан айында өткізілген жиналыс туралы
Өткізілген күні: «2» қазан 2026 жыл
Өткізілген орны: Үштөбе қаласы
Төраға: Бокенбаев Т.Р. – «Жылыту орталығы» ЖШС директоры
Хатшы: Иванникова Н.И. – бухгалтердің көмекшісі, комплаенс-офицер
Қатысушылар: Қазандық қызметкерлері мен операторлары
КҮН ТӘРТІБІ:
- Газбен жұмыс істейтін қазандық жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және газ есептегіші бойынша 100% субсидияланатын газ тұтыну көлемін есепке алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
- Газ есептегішінің көрсеткіштерін, журнал жазбаларын бұрмалауға және есептеу құралына заңсыз араласуға жол бермеу.
- Қазандық қызметкерлерінің еңбек тәртібін, техникалық қауіпсіздікті және газ есебін жүргізу кезіндегі қызметтік жауапкершілігін арттыру.
ТЫҢДАЛДЫ:
Жиналыс барысында комплаенс-офицер Иванникова Н.И қазандық қызметкерлеріне кәсіпорынның жылу беру үшін газды 100% мемлекеттік субсидия негізінде алатынын түсіндірді. Қазандықтағы газ есептегішінің көрсеткіштерін, ауысым журналдарын бұрмалауға, пломбаларды бұзуға немесе бөгде тұлғаларға заңсыз газ берілуіне қатаң тыйым салынады. Әрбір оператор мен қазандық қызметкері есептегіш бойынша газдың нақты есептелуіне, оның үнемді, мақсатты әрі қауіпсіз тұтынылуына жауапты.
Директор Т.Р. Бокенбаев қазандық жабдықтарының үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуді, газ есептегішінің көрсеткіштерін уақытылы және дәл тіркеп отыруды тапсырды. Есептегіштің жұмысында немесе көрсеткіштерді есепке алуда қандай да бір сәйкессіздіктер немесе заңсыз араласу белгілері анықталған жағдайда комплаенс-офицерге және басшылыққа дереу хабарлау қажеттігі ескертілді.
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
- Қазандықтағы газ есептегіші бойынша 100% субсидияланатын газды пайдалану және есепке алу кезінде заңдылық пен нақтылық қағидаттары толық сақталсын.
- Газ есептегішінің көрсеткіштері дұрыс тіркелуі қамтамасыз етілсін, мәліметтерді бұрмалауға және есептеу құралына заңсыз араласуға жол берілмесін.
- Қазандық қызметкерлері тарапынан техникалық қауіпсіздік және еңбек тәртібі қатаң сақталсын.
- Комплаенс-офицер Н.И. Иванниковаға газ есебіне және қазандықтағы құжаттамалардың жүргізілуіне мониторинг жүргізу жүктелсін.
Төраға: ____________________ Бокенбаев Т.Р.
Хатшы: _____________________ Иванникова Н.И.