Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат

«Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы» КММ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Басқарма қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Талдау 2026 жылғы 15 қыркүйек пен 27 қазан аралығында бекітілген жоспарға сәйкес екі бағыт бойынша жүргізілді: Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі, сондай-ақ оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар ішкі рәсімдерді жетілдіру, қызметтің ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық сипаттағы ұсынымдар әзірленіп, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ашықтықты қамтамасыз ету шеңберінде талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді. Жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ, жұртшылық өкілдері талқылауға қатысқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама, жұмыс тобы отырысының хаттамасы және Іс-шаралар жоспары танысу үшін Басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport-almaty/documents/details/1095183?lang=kk