2026 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы

2026 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2026 жылға 11 348 878 мың теңгені құрайды.

         2026 жылғы қаңтар-қазанға түсімдер бойынша болжам 93,4% орындалды, жоспар бойынша 8 891 486,5 мың теңге, іс жүзінде 8 308 939,3 мың теңге түсті, 767 905,5 мың теңгеге орындалмау. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібінің өзгеруіне, жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша шегерімдерді қолдану тәсілдерінің өзгеруіне, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімдерінің азаюына байланысты 2 371 045 мың теңгеге немесе 22,2% азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 95,8% орындалды. Жоспар бойынша 7 551 832,5 мың теңге, нақты 7 236 294,1 мың теңге түсті.               2025 жылға түсімдер 19,9% немесе 1 796 298,2 мың теңгеге төмендеді.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 95,5%, болжам бойынша    7 393 612,5 мың теңге, 7 064 486 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда төмендеу қарқыны 20,1% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 5 283,2 мың теңгені құрады, болжам бойынша 61 996 мың теңге, 67 279,2 мың теңге түсті.                 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 4 180,9 мың теңгеге немесе 6,2% артты;

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 8 304,9 мың теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер                  17 837,9 мың теңгеге немесе 14,6% төмендеді.

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.11.2026 жылға 93,9 % құрайды (жоспар – 4776570,8  мың теңге, кассалық шығыстар – 4485374,3  мың теңге). 01.11.2026 ж. қалдықтар – 291196,5 мың теңге (ОБ - 288755,1 мың теңге, ҚБ - 2441,4 мың теңге), оның ішінде:

- 9016,2 мың теңге – әлеуметтік төлем алушылар санының азаюы (ОБ);

- 19987 мың теңге – халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйді сатып алуға трансферттер түспеді (ОБ);

- 200000 мың теңге – жолаушылар тасымалын субсидиялауға трансферттер түспеген (ОБ);

- 10000 мың теңге – Гавань ауданында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша трансферттер түспеді (ОБ);

- 20903,6 мың теңге – 6-ықшамаудан, 18 позиция тұрғын үйге ИКИ құрылысы бойынша трансферттер түспеді (ОБ);

- 17036 мың теңге – ДСК құрылысына трансферттер түспеді (ОБ);

- 9545,9 мың теңге – мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бойынша трансферттер түспеді (ОБ);

- 2266,4 мың теңге – мемлекеттік мәдени тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша аз сомаға актілер (ОБ);

- 150,8 мың теңге – ЕТҚ бойынша үнемдеу (ҚБ);

- 2174,5 мың теңге – аз сомаға актілер (ҚБ);

- 116,1 мың теңге - өзге де қалдықтар: ББӘ барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/documents/details/1095179?lang=kk