Меркі ауданында Ойтал ауылдық округінің
әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меркі ауданының Ойтал ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ойтал ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы,
05 тамыз 2026 жыл
№7