«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Жалағаш ауданының № 139 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Канбаева Маржан Киргизбаевна 2029 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы Жалағаш ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тағайындалсын.
2.Осы қаулы Жалағаш аудандық мәслихатына, № 139 учаскелік сайлау комиссиясына, жолдансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.
Төраға Ш.Калыбаев
Хатшы Д.Қожақұлова
Жалағаш кенті
28 қазан 2026 жылы
№АСК-24/215