Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты кезекті отырысын өткізді.
Күн тәртібінде Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу қорытындысы мәселесі қаралды. Тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық тізімге енгізілген тұлғалардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді. Тізімге енгізілген барлық тұлғалар Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы мәселесі де қаралды.

