2026 жылғы қаңтар- қыркүйек айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

  • АӨК негізгі көрсеткіштері
  • 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 874 239,1 млн. теңгені  (НКИ - 107,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 558 198 млн. теңге (НКИ - 108,6%), мал шаруашылығы - 315 821,3 млн. теңге (НКИ - 104,6%).

 

         2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 87,1 млрд теңгені құрады.

 

        2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 103,2% болды.

  •  
  • Облыста барлығы 8233 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 2073 - заңды тұлғалар, 286 - жеке кәсіпкерлер, 5874 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  •  
  • Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 22,6%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 401,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 90,9 мың адам (2026 жылдың 2-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша).
  •  

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

  • - 2026 жылдың 2-і тоқсанында - 423,9 мың теңге, өсім 21,5% құрады (2025 жылдың ІІ тоқсанында - 348,7 мың теңге).
  •  
  • Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау
  • АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 83,6 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

  • - өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 32,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 8 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге);
  • -мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге;
  • -қаржы құралдары - 35,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 19 533,5 млн. теңге, су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға - 1,7 млрд. теңге.

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Егіс алқаптарының құрылымы (статдеректер 4-СХ нысаны бойынша)

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,6 млн. гектарды құрады, оның ішінде:

Дәнді және бұршақ дақылдары 4 487,6 мың гектар алқапқа (- 193,8 мың га), майлы дақылдар - 837,9 мың га (+342,5 мың га) орналастырылды, азықтық дақылдар 296,7 мың гектар алқапты құрады (-39,9 мың га).

Картоп 9,5 мың гектар (+818,8 га) және көкөністер 1,6 мың гектар алқапқа отырғызылды (+202,8 га).

 

  • Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
  • 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 1 368 бірлікті құрап, жалпы сомасы 64,6 млрд. теңге болды (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек - 1 562 бірлік, 57,1 млрд. теңге), оның ішінде:
  • - тракторлар - 16,3 млрд. теңге сомасына 367 бірлік;
  • - астық жинайтын комбайндар - 25,8 млрд. теңге сомасына 199 бірлік;
  • - сепкіш кешендер - 0,43 млрд. теңге сомасына 75 бірлік;
  • - егіс кешені - 6,4 млрд. теңге сомасына 47 бірлік;
  • - басқа техника - 15,7 млрд.теңге сомасына 680 бірлік.

Мал шаруашылығы

 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айында облыста өндірілді:

 - тірі салмақтағы ет - 158 мың тонна немесе 103,4% 2025 жылғы деңгейге қарай;

 - сүт - 204,7 мың тонна немесе 110%;

 - тауық жұмыртқасы - 555 млн. дана немесе 107,6%.

 

  • 2026 жылғы 1 қазандағы мал басы саны:
  • Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМ саны 403,1 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 105,4%-ын құрайды, оның ішінде: сиыр басы - 206 мың бас немесе 113%;

  - жылқылар - 286,7 мың бас немесе 108,1%;

- қой мен ешкі - 605,4 мың басты немесе 101,8%;

  • - құстар - 10 556,5 мың басты немесе 102,2%;

- шошқа - 33,7 мың басты немесе 95,2%.

  •  

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 27 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

  • 2026 жылғы қаңтар- қыркүйек айында 251,1 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңге - 114,8%.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 45,4%, сүт - 14,7%, өсімдік майы - 15,7%, астық өңдеу - 7,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,1%, өзге салалар - 14,6% алады.

  • Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 75,6 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2049 тонна.

Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 107,7 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3,1% өсім, сары май өндірісі  1950 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 21,1% өсім,  ірімшік пен сүзбе - 1396 тонна, қышқыл сүт өнімдері - 8,3 мың тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 16,8% өсім.

  • Өсімдік майы өндірісі 60,1 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,4% өсім.
  • Ұнтақталған ұн өндірісі 219,1 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 50,9% өсім.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/documents/details/1095116?lang=kk