Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңына және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026
жылдың 01 қаңтар - 30 қыркүйегі аралығына «Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті» бөлімшелерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдар мен қабылданатын іс-шаралар баяндалды. Жария талқылау барысында анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі ұсынымдарды уақытылы іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Басқарма, бөлім бастықтары, қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңнама талаптарының сақталуы, қабылданған шешімдер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін назарға алсын. Басқарма, бөлім бастықтары анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
жоюға бағытталған іс-шараларды сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Сыбайлас жемқолық тәукелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талқылау хаттамасы
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/documents/details/1095088?lang=kk