Жалағаш ауданының № 9 округтік сайлау комиссия мүшесінің міндеттерін орындауын тоқтата тұру туралы

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20 бабының 12 тармағына және Жалағаш ауданының №9 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қазандағы Талқанбаева Сандуғаш Тұрсынғалиқызы Жалағаш аудандық мәслихат депутатына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамасын негізге алып, Жалағаш  аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

                1.Айтбенбетов Қасым Дулатұлы Жалағаш  ауданының №9  округтік  сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауы 2029 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы Жалағаш  ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтатылсын.

                 2.Осы қаулы Жалағаш  ауданының  № 9 округтік  сайлау комиссиясына   жолдансын және Жалағаш  ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.

Төраға                                                 Ш.Калыбаев

Хатшы                                                Д.Қожақұлова

Жалағаш кенті

28 қазан 2026 жылы

№АСК-24/212

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/documents/details/1095006?lang=kk