Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы 2026 жылғы 27 қазанда Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына төмендегі кандидаттардың тіркелгенін хабарлайды:
Тулебаев Канат Шакенович - 1973 жылы туған, «Бектау ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Шортанды ауданы, Бектау ауылында тұрады.
Аленова Гульжан Махметовна - 1978 жылы туған, «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Шортанды ауданы, Новокубанка ауылында тұрады.
Анарбай Бекзат - 1979 жылы туған, «Петровское» АҚ вице-президенті, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған, Шортанды ауданы, Петровское ауылында тұрады.
№ 10 округтік сайлау комиссиясы