«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20 бабының 12 тармағына және Жалағаш ауданының №11 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қазандағы Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы Жалағаш аудандық мәслихат депутатына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамасын негізге алып, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Рысмахан Аида, Қуаныш Арайлым Сәбитқызы Жалағаш ауданының №11 округтік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауы 2029 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы Жалағаш ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтатылсын.
2.Осы қаулы Жалағаш ауданының № 11 округтік сайлау комиссиясына жолдансын және Жалағаш ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Төраға Ш.Калыбаев
Хатшы Д.Қожақұлова
Жалағаш кенті
28 қазан 2026 жылы
№АСК-24/213